Исмаилов Емельянкомен жекпе-жектен қанша табыс тапты?

Исмаилов Емельянкомен жекпе-жектен қанша табыс тапты?
Фото: yandex.kz

Ресейдің аралас жекпе-жек спортшысы Магомед Исмаиловтың менеджері Азамат Бостанов жақында өткен Емельянкомен жекпе-жектен қанша табыс түскенін айтты.
Спортшының өкілі "Вестник ММА" Youtube-арнасына берген сұхбатында Исмаиловтың бұл жекпе-жектен 10 миллион рубль (шамамен 60 млн теңге) гонорар алғанын айттып қалды
Сөз барысында Бостанов қос спортшының реваншын өткізу үлкен пайда әкелуі мүмкін екенін де айта кетті.
Айта кетейік, Ресей аралас жекпе-жегінің қос жұлдызы - Александр Емельяненко мен Магомед Исмаилов Сочиде болған турнирде жекпе-жек өткізген еді. Исмаилов үшінші раудта техникалық нокаутпен жеңіп, қарсыласы реванш сұрады.

Қ. Слямбек