Батыр Жүкембаев АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

Батыр Жүкембаев АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) келесі жекпе-жегін АҚШ-та өткізуді жоспарлап отыр.

"Тамыз айында Мәскеуге оқу-жаттығу жиынына аттанамын. Ол жақта жеке бапкеріммен алдағы жекпе-жегіме дайындаламын.

"Ер адамға тән ең жақсы қасиет – жауапкершілік"

Қыркүйек айында АҚШ-та үлкен жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмын. Промоутерім осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Әзірге қарсыласым кім екені белгісіз, бірақ ол әлемдік деңгейдегі боксшы болады. 

Бүгінде мен жартылай орта салмақта әлемнің үздік 15 боксшының қатарына кіремін. Чемпиондық жекпе-жекке аз қалды! Өзімнің деңгейімді көрсеткім келеді!" - деп мәлімдеме жасады боксшы.

"Шаршы алаңның сыртындағы ережелер ұнамайды"

Батыр Жүкембаев кәсіпқой рингтегі соңғы жекпе-жегін Канаданың Монреальдағы қаласында өткізді. 28 жастағы боксшы мексикалық Рикардо Лараға (22-7, 10 КО) қарсы жекпе-жекте екінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен. Бір айта кетерлігі, Батыр Жүкембаев мансабындағы барлық жекпе-жегін тек Канада жерінде өткізді. 

А. Рысдәулет