Қазақ балуаны 8 жылдан кейін Олимпиада медалін алды

Қазақ балуаны 8 жылдан кейін Олимпиада медалін алды

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) еркін күрестен 120 килоға дейінгі салмақтағы Лондон Олимпиадасы жүлделерін қайта бөлді. Қазақ балуаны Дәулет Шабанбай қола жүлдегер атанды. 

2012 жылғы Олимпиада ойындарында алтын алған өзбекстандық Артур Таймазов пен күміс жүлдегер Давид Модзманашвили (грузин) қанынан допинг анықталған. ХОК спортшылардың нәтижесін жойып, жүлдегерлерді қайта анықтады. 

Давит Модзманашвили ширек финалда отандасымыз Дәулет Шабанбайды жарыс жолынан шығарған болатын. Ал жартылай финалда ресейлік Билял Маховты жеңген. Тек финалда өзбек Артур Таймазовқа жол берген еді.

Грузин балуаны финалға шыққандықтан Дәулет жұбаныш белдесу арқылы қола жүлдеге қол созған. Алайда Билял Маховты жеңе алмаған.

ХОК шешімі бойынша Олимпиадада қола жүлдегер атанған ресейлік Билял Махов пен ирандық Камейл Гасеми алтын медаль алатын болды. Екеуі де бір салмақта Олимпиада чемпионы.

Дәулет Шабанбай - Азия чемпионатының төрт дүркін қола жүлдегері  (Оңтүстік Корея – 2008, Таиланд – 2009, Ташкент – 2011, Астана - 2014). "Циолковский мемориалы" халықаралық турнирінің қола жүлдегері (Польша, 2012 ж.), Гран-При жүлдегері (Германия 2013), "Тахти кубогы" халықаралық турнирінің күміс жүлдегері (Иран, 2014), Азия ойындарының күміс жүлдегері (Оңтүстік Корея, 2014). Қазақстан Республикасының спорт шебері.