"Манчестер Ситиге" Чемпиондар лигасына қатысуға рұқсат етілді

"Манчестер Ситиге" Чемпиондар лигасына қатысуға рұқсат етілді
Фото: Manchester Evening News

Спорт арбитражды соты (CAS) қаржылық фэйр-плэй ережесін бұзған "Манчестер Ситиді" екі жылға еурододадан шектеу туралы шешімнің күшін жойды. Бұл туралы Eurosport хабарлады.

– "Манчестер Сити" мен клуб кеңесшілері CAS шешімімен толық таныспаса да онымен келіседі. Қызметкерлер тобына атқарған ауыр жұмысы үшін алғысымды білдіреміз", - делінген футбол клубының ресми сайтында. 

CAS "Манчестер Сити" клубының апелляциясын қабылдап, келесі маусымда еурододаға қатысуға тыйымды алып тастады. Дегенмен ағылшын командасы 10 миллион еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. 

Sky Sports басылымы ағылшын Премьер-лигасы клубқа қатысты өткен жылы бастаған тексеріс жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдегенін жазды. Лига "Манчестер Сити" тек қаржы ережесін бұзып қана қоймай, жас футболшыларды сатып алуда алаяқтық жасауы мүмкін деген айып тағып отыр.  

"Манчестер Сити" келесі маусымда Чемпиондар лигасына қатысу құқығын иеленді. Қазір "қалалықтар" ағылшын Премьер-лигасында 72 ұпаймен екінші орында келеді. 

А. Рысдәулет