Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне қанша сыйақы алды?

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі (Ultimate Fighting Championship) алғашқы жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды.

Жалғас Жұмағұлов бразилиялық Раулин Пайваға (19-3-0) қарсы жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілер жеңісті бірауыздан бразилиялық спортшыға берді

Express.co.uk басылымының мәліметінше, Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебюті үшін қосымша бонустан бөлек 12 мың доллар сыйақы алады. Ал оның қарсыласы Раулин Пайваның сыйақысы 14 000 долларды құраған. Алайда бразилиялық спортшы жекпе-жекке артық салмақпен шыққаны үшін сыйақысын 20% Жалғас Жұмағұловқа беруге мәжбүр.

Турнирге қатысқан файтерлердің гонорары:

Негізгі кард
Камару Усман ($500,000) – Хорхе Масвидаль ($350,000)
Александр Волкановски ($250,000) – Макс Холлоуэй ($300,000)
Петр Ян ($70,000) – Жозе Алдо ($300,000)
Джессика Андраде ($105,000) – Роуз Намаюнас ($100,000)
Аманда Рибас ($24,000) – Пейдж Ванзант ($60,000)

Бастапқы кард
Волкан Оздемир ($90,000) – Иржи Прохазка ($12,000)
Муслим Салихов ($14,000) – Элизеу Дос Сантос ($26,000)
Макван Амирхани ($22,000) – Дэнни Генри ($16,000)
Леонардо Сантос ($24,000) – Роман Богатов ($12,000)

Ең бастапқы кард
Марчин Тыбура ($68,000) – Максим Гришин ($12,000)
Раулиан Пайва ($14,000) – Жалғас Жұмағұлов ($12,000)
Кэрол Роса ($12,000) – Ванесса Мело ($12,000)
Дэйви Грант ($14,000) – Мартин Дэй ($12,000)

Айта кетейік, Жалғас өткен жылдың қараша айында ресейлік Али Багаутиновты төрешілер шешімі бойынша жеңіп, Fight Nights Global чемпионы ретінде осы турнирде бақ сынауға мүмкіндік алған. 

Жұмағұлов UFC-де жекпе-жекке шыққан қазақстандық екінші спортшы. Осыған дейін Мария Агапова Қазақстаннан алғашқылардың бірі болып осы ұйым аясындағы жарысқа қатысқан. 

 
Бөлісу: