Хабиб Нурмагомедовтің әкесі қайтыс болды

Хабиб Нурмагомедовтің әкесі қайтыс болды
Фото: Чемпионат

Аралас жекпе-жектен жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов көз жұмды. Қайғылы хабарды Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров жеткізді.

"Достар, Абдулманап Нурмагомедов өмірден өткені туралы қайғылы хабар келді. Бүкіл шешен халқының атынан Абдулманап Магомедовтің отбасына қайғырып көңіл айтамын! Ол артында лайық ұрпақ өсіріп, арамыздан кетті!", - деп жазды Шешенстан басшысы.

Абдулманап Нурмагомедов 25 сәуір күні пневмониямен ауруханаға түскен болатын. Кейін Мәскеудегі ауруханалардың біріне ауыстырылды. Инсульт алған соң жүрегіне ота жасалып, комаға түскен. Жақында Хабиб Нурмагомедов әкесі хал-жағдайы жақсарып қалғаны туралы айтқан болатын.

 

 
А. Рысдәулет