"Барселонаның" тізгініне Хави келеді

Катардың "Әл-Садд" командасын тізгіндейтін Хави каталондық "Барселонаның" бас бапкері болуға келісімін берді. Бұл туралы Испания басылымдары хабарлады. 

40 жастағы маман "Барселонаның" бас бапкері Энрике Сетьеннің орнына келеді. Каталондық клубтың қазіргі жаттықтырушысы не маусым соңына дейін қызметінде қалады, не жақында орнын "Барселона Б" командасының бас бапкері Гарсия Пимьентаға босатып береді.

Хавидің "Барселонаның" тізгініне келуіне клуб президенті Хосеп Бартомеудің өзі себеп болып отыр. Оған қоса футболшылар да Хавидің келгенін қолдайтындарын жеткізген. 

Егер Хави "Барселонаның" тізгініне келсе бір жылға келісімшартқа отырып, жұмысы үшін алты миллион еуро жалақы алады. 

Примераның 32-туры аясында "Сельтаға" (2:2) қарсы өткен матчтан соң "Барселонаның" футболшылары мен Энрике Сетьеннің арасында кикілжің болған. Футболшылар жаттықтырушы тактикалық қате шешімдер қабылдады деп кінәлаған. Тіпті, кейбір футболшылар Энрике Сетьен жұмыс істеу тәсіліне көңілі толмай, оның орнынан кетуін талап етіп отыр.  

Дәл қазір "Барселона" 33 турдан соң 70 ұпай жинап, турнир кестесінде көш басында келе жатқан "Реалдан" 4 ұпайға қалып қойды.  
 
Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?
Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні демалыс па?
Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні демалыс па?
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Көлік сатып алушыға 5 кеңес