Чемпиондар лигасының 2020/21 маусымына арналған кестесі жарияланды

Чемпиондар лигасының 2020/21 маусымына арналған кестесі жарияланды
Фото: vk.com

УЕФА Чемпиондар лигасының 2020/21 маусымына арналған кестесін ұсынды. Турнир тамыздан мамырға дейін өтеді.

Турнирге Қазақстанның қазіргі чемпионы "Астана" ФК қатысады. Елордалық команда Еурокубок маусымын бірінші іріктеу кезеңінен бастайды.

Іріктеу:
Алғашқы кезең - 8-11 тамыз
Бірінші іріктеу кезеңі - 18-19 тамыз
Екінші іріктеу кезеңі - 25-26 тамыз
Үшінші іріктеу кезеңі - 15-16 қыркүйек
Плей-офф - 22-30 қыркүйек
 
Топтық кезең:
1-тур - 20-21 қазан
2-тур - 27-28 қазан
3-тур - 3-4 қараша
4-тур - 24-25 қараша
5-тур - 1-2 желтоқсан
6-тур - 8-9 желтоқсан
 
Плей-офф:
1/8 финал - 16 ақпан, 17 мамыр
1/4 финал - 6 сәуір, 14 сәуір
1/2 финал - 27 сәуір, 5 мамыр
Финал - 29 мамыр (Ыстамбұл)

Айта кетейік, биылғы Чемпиондар лигасының ширек финалы 8-9 тамыз аралығында өткізіледі. Лиссабонда 12 тамызда 8 команда қатысатын плей-офф форматындағы шағын турнир жоспарланған. Ойындар Хосе Алваладе мен Эстадио да Луш стадиондарында жанкүйерлерсіз өтеді. Осыған дейін "Пари Сен-Жермен", "Атлетико Мадрид", "Атланта" және "РБ Лейпциг" турнирдің ширек финалына шықты. Ал 1/8 финалдың қалған төртеуінің жауап матчтары өтуі керек. Олар: "Реал" - "Манчестер Сити" (1: 2), "Челси" - "Бавария" (0: 3), "Лион" - "Ювентус" (1:0),"Наполи"-"Барселона" (1:1).

Т. Раушанұлы