Роналдиньо мансабын қайта бастауы мүмкін

Роналдиньо мансабын қайта бастауы мүмкін

Футболдан Бразилия құрамасының сапында 2002 жылы әлем чемпионы атанған Роналдиньо мансабын жалғастыруы мүмкін.

40 жастағы спортшы Аргентинаның "Химнасия и Эсгрима" командасынан ұсыныс алған. Marca басылымының мәліметінше, Роналдиньоны команданың бас бапкері Диего Марадонаның өзі шақырған. 

"Алтын доп" иегері мансабын 2018 жылы аяқтаған. Соңғы рет футболшыға "Химнасия" командасы 2016 жылы ұсыныс жасап, қос тарап бір келісімге келе алмаған.

Роналдиньо 2003-2008 жылдары "Барселона" сапында жасындай жарқылдады. Чемпиондар лигасында топ жарып, 2006 жылы "Алтын допты" иемденді.

Бразилиялық футболшы мансабында "Барселонадан" бөлек "Гремио", ПСЖ, "Милан", "Фламенго", "Атлетико Минейро" және "Керетаро" командаларында доп тепкен. Сондай-ақ, 2016 жылы шағын футболда бағын сынап көрді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі дамыған қалалар. Алматы қай орында?
Әлемдегі дамыған қалалар. Алматы қай орында?
Қазақстанда 13 шілдеде бір минут үнсіздік жарияланады
Қазақстанда 13 шілдеде бір минут үнсіздік жарияланады
Күн ыстықта кофе ішудің зияны
Күн ыстықта кофе ішудің зияны
Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ
Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ
Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая
Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады