"Ливерпуль" араға 30 жыл салып Англия чемпионы атанды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
"Ливерпуль" араға 30 жыл салып Англия чемпионы атанды
Фото ©️ Goal.com

"Ливерпуль" футбол клубы 30 жылдан соң алғаш рет Англия чемпионы атанды. Лондонда өткен матчта "Челси"Манчестер Ситиді" 2:1 есебімен жеңді.

БӨЛІСУ

Матчтың 36-шы минутында Кристиан Пулишич есепті ашқан, екінші таймның басында "Манчестер Ситиің" ойыншысы Кевин де Брейне таразы басын теңестірді. 78-ші минутта Виллиан пенальтиден гол соғып, командасына жеңісті әперді. 

Осылайша 86 ұпай жинаған "Ливерпуль" уақытынан бұрын Англия чемпионы атанды. Ал "Манчестер Сити" 63 ұпаймен екінші орында қалды. "Қалалықтар" ұпай саны бойынша көш басына жақындай алмайды. Үшінші орында әзірге "Челси" тұр.

"Ливерпуль" соңғы рет Англияда 1989/90 жылғы маусымда топ жарған. Араға 30 жыл салып "Ливерпуль" 19-шы чемпиондығына қол жеткізді. Бұл көрсеткіш бойынша тек "Манчестер Юнайтедке" (20 мәрте чемпион болған) есе жіберіп тұр.