Қазақстандық боксшы Лас-Вегаста қарсыласын жеңді

Қазақстандық боксшы Лас-Вегаста қарсыласын жеңді
Фото: vesti.kz

Қазақстандық былғары қолғап шебері Бобыржан Момынов кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісіне қол жеткізді.

Бобыржан Момынов Top Rank промоутерлік компаниясының Лас-Вегастағы MGM Grand кешенінде ұйымдастырған бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық Кэмерон Краел (17-16-3, 4 KО) болды. Барлық алты раундта созылған жекпе-жекте төрешілер жеңісті бірауыздан Бобыржан Момыновқа берді. 

Невада штатының Атлетика комиссиясының мәліметінше, қазақстандық боксшы аталмыш жекпе-жек үшін 6 мың доллар сыйақы алды. 

Бобыржан Момынов кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның ішінде сегіз қарсыласын уақытынан бұрын ұтты.

Қазақстандық боксшы 2017 жылы мексикалық бокс жұлдызы Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) бірге жаттығып, спарринг қарсыласы атанғаннан соң танымал болды.

А. Рысдәулет