Мария Агапова UFC-дегі дебютінде қанша сыйақы алды?

Қазақстан спортшыларының арасынан UFC-де алғаш жеңіске жеткен Мария Агапованың дебютті жекпе-жегінде қанша сыйақы алғаны белгілі болды.

Мария Агапова Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 172 турнирі аясында америкалық Ханна Сайферспен кездесіп, жеңіске жетті. Екі файтер негізгі кардқа лайық жекпе-жек өткізді. Кездесу басталып, 2 минут 42 секунд өткенде Агапова қылқындыру әдісімен бірінші раундта жеңіске жетті.

Невада штатының Атлетика комиссиясының (NSAC) мәліметіне сәйкес Мария Агапова бұл жекпе-жегі үшін 20 мың доллар (жеңіске жеткені үшін қосымша 10 мың доллармен бірге) көлемінде сыйақы алса, қарсыласы Ханна Сайферс қалтасын 35 мың долларға қалыңдатқан. Бұған қоса Мария Агапова кештің үздік жекпе-жегі үшін қосымша 50 мың доллар сыйақы алды.

Осылайша Мария Агапова қазақстандық әйел спортшылар арасында жекпе-жекке шыққан бірінші спортшы атанды. Бұл оның мансабындағы тоғызыншы жекпе-жегі.