Қазақ күресінен әлемнің үш дүркін чемпионы коронавирус жұқтырды

Қазақ күресінен әлемнің үш дүркін чемпионы, "Әлем Барысы" жеңімпазы Айбек Нұғымаров коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Белгілі спортшы Семей көлік колледжінің директоры қызметін атқарады. Оның вирус жұқтырғаны туралы қала әкімдігі хабарлады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Семей қаласы әкімдігі (@akimat.semey)13 Июн 2020 в 11:12 PDT

"Бүгін Семейде COVID-19 диагнозымен аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде Семей колледждерінің екі директоры - Электротехникалық колледж директоры Азат Сәрпеков және Семей көлік колледжінің директоры, қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы және "Әлем Барысы" турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров түсті", - деп хабарлайды Семей әкімдігі.

Әкімдік қала мен елдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлап жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, Нұғымаров коронавирус жұқтырған алғашқы қазақстандық спортшы. Ол қазақша күрестің еліміздегі ең танымал өкілі.