ХХІ ғасырдың үздік спортшылары анықталды: Месси мен Роналду үздік ондыққа кірді

Испаниялық Marca басылымы ХХІ ғасырдағы ең үздік спортшылардың рейтингін жариялады.
 
Жүзуден 23 дүркін Олимпиада чемпионы Майкл Фелпс көш бастады. Екінші орында жеңіл атлетикадан бірнеше дүркін әлем және Олимпиада чемпионы болған ямайкалық желаяқ Усэйн Болт. Үшінші орын «Үлкен Дулыға» теннис турнирінің 20 дүркін жеңімпазы швейцариялық Роджер Федерерге бұйырды.
 
"Барселонаның" капитаны Лионель Месси жетінші орын, ал "Ювентустың" шабуылшысы Криштиану Роналду ондықты қорытындылады.
 
ХХІ ғасырдағы үздік 10 спортшы

1. Майкл Фелпс (жүзу)
2. Усейн Болт (жүгіру)
3. Роджер Федерер (теннис)
4. Рафаэль Надаль (теннис)
5. Коби Брайант (баскетбол)
6. Тайгер Вудс (гольф)
7. Лионель Месси (футбол)
8. Льюис Хэмилтон (авто-жарыс)
9. Валентино Росси (мото-жарыс)
10. Криштиану Роналду (футбол).