Месси Роналдудан мықты - ғалымдар

Месси Роналдудан мықты - ғалымдар
Фото: MSN.com

Голландияның SciSports ақпарат компаниясы Бельгияның Левен Университетімен бірігіп, әлемнің үздік шабуылшылары Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың қайсы мықты екенін анықтады.

Зерттеу нәтижесінде, аргентиналық футболшы португалиялық ойыншыға қарағанда мықтырақ болып шықты. Зерттеушілер қос футболшының алаңдағы іс-әрекетінің нәтижелілігіне мән берді.

2013-2016 жыл аралығында екі футболшының ойын барысында нәтижелі іс-әрекетпен көзге түсіп, қаншалықты матчтың тағдырына әсер еткені қаралды. Бұл уақыт аралығында Месси Роналдуға қарағанда көбірек көзге түсіп, нәтижелі ойын өрнегін көрсеткен. 

Лионель Мессидің нәтижесі 1,21 болса, Криштиану Роналдуда бұл көрсеткіш 0,61-ке тең. Зерттеу нәтижесінде, Месси Роналдуға қарағанда көбірек нәтижелі іс-әрекет жасап, көбірек қауіпті шабуылдар жасайтыны анықталған.

 
А. Рысдәулет