"Барыс" Еуропадағы үздік он команданың қатарына енді

"Барыс" Еуропадағы үздік он команданың қатарына енді

Қазақстандық "Барыс" алғаш рет Hockeyarchives.info түзген рейтингіде Еуропаның үздік командаларының қатарынан енді.

Рейтингіге 250 команда енген. Үздіктер көшін мәскеулік ЦСКА бастаса, екінші орынға швециялық "Лулео" тұрақтады. Үштікті "Ак Барс" түйіндеді. "Барыс" өткен жылға қарағанда тоғызыншы сатыға көтеріліп, алғашқы ондықтан орын алды. 

Сондай-ақ, тағы үш қазақстандық команда – "Сарыарқа" 171-ші, "Торпедо" 181-ші, ал "Арлан" 201-ші орындарға жайғасқан. 

Өткен маусымда "Барыс" Чернышев дивизионын жеңіп алып, Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында екінші орынға тұрақтады. Ал аяғына жетпей тоқтаған Гагарин Кубогында екінші кезеңге шықты. 

Еуропаның үздік 10 командасы: 

1. ЦСКА
2. "Лулео" (Швеция)
3. "Ак Барс" (Ресей)
4. СКА (Ресей)
5. "Кярпят" (Финляндия)
6. "Мюнхен" (Германия)
7. "Фрелунда" (Швеция)
8. "Ферьестад" (Швеция)
9. "Барыс" (Қазақстан)
10. "Динамо" мәскеу (Ресей).

 
А. Рысдәулет