Головкин шаршы алаңға қашан оралады?

Головкин шаршы алаңға қашан оралады?

Бокстан орта салмақта IBF және IBO тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкин коронавирус пандемиясынан соң алғашқы жекпе-жегін тамыз айында өткізуі мүмкін. Бұл туралы боксшының промоутері Эдди Хирн мәлімдеді.

Өткен аптада Matchroom Boxing компаниясының промоутері Эдди Хирн DAZN стримингтік жүйесімен Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі бойынша келіссөзді бастап кетті. Қазақстандық боксшы DAZN стримингтік жүйесінің АҚШ-та өткізетін бокс кешінің басты жекпе-жегіне шығып қалуі мүмкін.

"DAZN-мен бірге алдағы жарты жылдықтың жоспары бойынша жұмыс істеп жатырмыз. DAZN-ге көрермендерді тарту үшін қызықты айқастар қажет. Біз үлкен жекпе-жектерге оралуымыз қажет", - деп келтіреді Эдди Хирннің сөзіне Boxingscene басылымы.

Matchroom компаниясының коронавирус пандемиясынан соң АҚШ-тағы алғашқы бокс кештері Флорида штатында өтуі мүмкін. Қазірдің өзінде бокс кештеріне көрермен келмейтіні анық.

"Флорида бокс кешін өткізуге ең ыңғайлы жер. Ол жақта UFC жобасын сәтті өткізіп жатыр", - деді Эдди Хирн.

Бұған дейін батыс басылымдары Геннадий Головкин келесі жекпе-жегінде IBF чемпиондық белбеуіне міндетті үміткер Камил Шереметаға қарсы жұдырықтасатыны жайында жарыса жазған болатын. Бұдан кейін желтоқсан айында GGG мексикалық Сауль Альвареспен шаршы алаңда кездеседі деп күтілуде. 

Головкин соңғы жекпе-жегін өткен жылы Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өткізіп, украиналық Сергей Деревянченконы жеңген болатын. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қытайда жүргізушісіз роботакси қызметін сынақтан өткізеді
Қытайда жүргізушісіз роботакси қызметін сынақтан өткізеді
Коронавируспен ауырғанға қайта вирус жұғу мүмкін бе?
Коронавируспен ауырғанға қайта вирус жұғу мүмкін бе?
Бауыржан Исламхан мансабын қайда жалғастыратыны белгілі болды
Бауыржан Исламхан мансабын қайда жалғастыратыны белгілі болды
Бермуд үшбұрышы: ақиқат пен әпсана
Бермуд үшбұрышы: ақиқат пен әпсана
Коронавирустан үй жағдайында емделу
Коронавирустан үй жағдайында емделу
БҒМ құжаттарды қабылдау мерзімін ұзартты
БҒМ құжаттарды қабылдау мерзімін ұзартты