Дамир Исмағұлов қай елдің атынан шығады?

UFC-де тұңғыш рет жеңіске жеткен этникалық қазақ Дамир Исмағұлов әр жекпе-жектің алдында қай елдің атынан шығатынын өзі таңдайды. Бұл туралы оның менеджері Саят Абдрахманов мәлімдеді. 

– UFC-де әр жекпе-жекке арнайы форма тігіледі. Дамир Исмағұлов алғашқы екі кездесуінде Ресей атынан шықса, үшіншісінде Қазақстан намысын қорғады. Оның формасы Reebok компаниясында тігілді. 

Дегенмен Дамир әр жекпе-жегіне екі елдің туымен шығады. Ол Ресейдің азаматы болғанымен Қазақстанда өте танымал, – деді қазақстандық менеджер Саят Абдрахманов YouTobe-арнаға берген сұқбатында.

Дамир Исмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 2018 жылы желтоқсан айында өткізген. Ал жалпы сегізбұрышқа үш мәрте шығып, бәрінде жеңіске жетті.

Қазір UFC-мен екі қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов пен Жалғас Жұмағұловтың келісімшарты бар. Әзірге екеуі де жекпе-жек өткізген жоқ.

Бөлісу: