Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қашан өткізеді?

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұловтың беделді UFC ұйымындағы алғашқы жекпе-жегі кейінге шегерілді. Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлады.

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 13 маусым күні америкалық спортшы Джордан Эспинозаға қарсы өткізуі қажет болатын. Алайда америкалық спортшы отандасы Марк Де Ла Росаға қарсы жұдырықтасады. Ал Жалғас Жұмағұловтың жекпе-жегі шілде айының орта тұсына жоспарланған. Әзірге нақты қай турнирде сегізбұрышқа шығатыны белгісіз. Қазіргі таңда Жалғас Жұмағұлов Қазақстанда дайындалып жатыр. 

Fight Nights Global ұйымының чемпионы Жалғас Жұмағұлов болса мансабында 16 жекпе-жек өткізген. Оның үшеуінде қарсыласы есе жіберсе, қалған он үш жекпе-жегінде жеңіске жеткен. Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында Fight Nights Global 95 турнирінде өткізді. Ол кезде Жалғас ресейлік Али Багаутиновты төрешілердің шешімімен жеңіп, чемпиондық белбеуін қорғап қалды.

Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісімшартқа отырған екінші қазақстандық спортшы. Бұған дейін M-1 Global чемпионы болған Шавкат Рахмонов беделді ұйымның қол астына өткен. 

Бөлісу: