Еуропаның ең қымбат футбол клубы анықталды

Еуропаның ең қымбат футбол клубы анықталды
Фото: IMDb

KPMG аудиторлық компаниясы 2019 жылдың ең қымбат футбол клубтарының тізімін түзді.

Өткен жылмен салыстырғанда алғашқы екі орында өзгеріс болған жоқ. Рейтингінің көшін бұрынғыша "Реал" бастады. Мадридтік клубтың құны 3,478 миллиард еуроны құраған. Екінші орынға "Манчестер Юнайтед" (3,342) жайғасты.

Үздік үштікті "Барселона" көтерілді. Каталондық клуб 2,8 миллиард еуроға бағаланған "Бавариядан" 300 миллион еуроға қымбаттаған. 

Еуропаның ең қымбат 10 футбол клубы:

1. "Реал" – 3,478 миллиард еуро;

2. "Манчестер Юнайтед" – 3,342 млрд еуро;

3. "Барселона" – 3,193 млрд еуро;

4. "Бавария" – 2,878 млрд еуро;

5. "Ливерпуль" – 2,658 млрд еуро;

6. "Манчестер Сити" – 2,606 млрд еуро;

7. "Челси" – 2,218 млрд еуро;

8. "Тоттенхэм" – 2,067 млрд еуро;

9. ПСЖ – 1,911 млрд еуро;

10. "Арсенал" – 1,852 млрд еуро.

Толық тізім мынадай:

А. Рысдәулет