Чемпиондар лигасы: Зидан – үздік бапкер, Месси – үздік ойыншы

Чемпиондар лигасы: Зидан – үздік бапкер, Месси – үздік ойыншы
Фото: УЕФА

Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан Чемпиондар лигасының тарихындағы финалдың үздік жаттықтырушысы атанды. Мұндай рейтингіні Британияның беделді Squawka түзген.

Зидан қатарынан үш мәрте Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен тұңғыш әрі жалғыз жаттықтырушы. Ол "Реалдың" тізгінінде 2016, 2017 және 2018 жылдары топ жарған. Оның қол астында корольдік команда Чемпиондар лигасында 26 матчта жеңіске жеткен.

Екінші орынға "Манчестер Ситидің" қазіргі бас бапкері Хосеп Гвардиола жайғасты. Ол 2009 және 2011 жылдары "Барселонаға" екі кубокты әперді.

Үздік үштікті тәжірибелі жаттықтырушы Карло Анчелотти түйіндеді. Италиялық маман "Миланмен" 2003 және 2007 жылдары, "Реалмен" 2014 жылы Чемпиондар лигасында топ жарды.

Чемпиондар лигасының тарихындағы үздік 10 жаттықтырушы:

1. Зинедин Зидан ("Реал")
2. Хосеп Гвардиола ("Барселона", "Бавария", "Манчестер Сити")
3. Карло Анчелотти ("Парма", "Ювентус", "Милан", "Челси", "ПСЖ", "Реал", "Бавария", "Наполи")
4. Жозе Моуринью ("Порту", "Челси", "Интер", "Реал", "Манчестер Юнайтед", "Тоттенхэм")
5. Луи ван Гал ("Аякс", "Барселона", "Бавария", "Манчестер Юнайтед")
6. Алекс Фергюсон ("Манчестер Юнайтед")
7. Юпп Хайнкес ("Реал", "Бавария")
8. Висенте дель Боске ("Реал")
9. Рафаэль Бенитес ("Ливерпуль", "Интер", "Челси", "Наполи", "Реал")
10. Оттмар Хитцфельд ("Боруссия" Д, "Бавария").

Сонымен қатар Squawka басылымы XXI ғасырдағы Чемпиондар лигасының финалы тарихындағы үздік футболшылардың тізімін жасады. Рейтингіні құру барысында футболшылардың жеңіске қосқан үлесі, алаңдағы нәтижесі және командаға әсеріне маңыз берілді. 

Бұған қоса рейтингіге тек финалдың "Үздік ойыншысы" атанған футболшылар ғана қосылды. Осылайша "Барселонаның" капитаны Лионель Месси Чемпиондар лигасының финалы тарихындағы үздік ойыншы атанды.

XXI ғасырдағы Чемпиондар лигасының финалы тарихындағы үздік 10 футболшы:

1. Лионель Месси ("Барселона"). 2010/2011 жылғы маусым. "Манчестер Юнайтедке" қарсы финал (3:1);
2. Зинедин Зидан ("Реал"). 2001/2002 жылғы маусым. "Байерге" қарсы финал (2:1);
3. Хави ("Барселона"). 2008/2009 жылғы маусым. "Манчестер Юнайтедке" қарсы финал (2:0);
4. Стивен Джеррард ("Ливерпуль"). 2004/2005 жылғы маусым. "Миланға" қарсы финал (3:3, пен. 3:2);
5. Оливер Кан ("Бавария"). 2000/2001 жылғы маусым. "Валенсияға" қарсы финал (1:1, пен. 5:4);
6. Дидье Дрогба ("Челси"). 2011/2012 жылғы маусым. "Баварияға" қарсы финал (1:1, пен. 4:3);
7. Арьен Роббен ("Бавария"). 2012/2013 жылғы маусым. "Боруссияға" қарсы финал (2:1);
8. Анхель Ди Мария ("Реал"). 2013/14 жылғы маусым. "Атлетикоға" қарсы финал (4:1);
9. Гарет Бэйл ("Реал"). 2017/2018 жылғы маусым. "Ливерпульге" қарсы финал (3:1);
10. Диего Милито ("Интер"). 2009/2010 жылғы маусым. "Баварияға" қарсы финал (2:0).

А. Рысдәулет