Хоккейден Қазақстанның әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Хоккейден Қазақстанның әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды
Фото: vesti.kz

Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) 2021 жылғы әлем чемпионатының жаңа құрамын жариялады.

Алдын ала жоспар бойынша Ресей мен Канаданың орындары ауысырылды. А тобының құрамалары матчтарын Беларусь астанасы Минск қаласында өткізсе, В тобының ұжымдары Латвияның Рига қаласында бас қосады.

А тобына Ресей, Швеция, Чехия, Швейцари, Словакия, Дания, Беларусь және Ұлыбритания құрамалары түсті. Ал Қазақстан В тобында Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Латвия, Норвегия, Италияға қарсылас атанды.

2020 жылғы әлем чемпионаты Швейцарияның Цюрих және Лозанна қалаларында өтуі қажет болатын. Алайда әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты ұйымдастырушылар жарысты өткізуден бас тартты.

Келер жылғы әлем біріншілігі 7-23 мамыр аралығында Беларусь және Латвия елдерінде өтеді.

А. Рысдәулет