Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / UFC-гі қазақстандық қыздың қарсыласы анықталды
UFC-гі қазақстандық қыздың қарсыласы анықталды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мария Агапова (8-1) 13 маусым күні АҚШ-та UFC-гі (Ultimate Fighting Championship) алғашқы жекпе-жегіне шығады.

MMA Fighting ақпараты бойынша қазақстандық спортшы бразилиялық Мелисса Гаттомен (6-0-2) шайқасады. Қарсыласы да алғаш рет UFC турнирінде бақ сынайтын спортшы.

13 маусым күнгі UFC турнирі бастапқыда Қазақстанда өтеді деп күтілген. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты ұйымның бұл жоспары өзгерген-ді.

Мария Агапова әлемдегі ең үздік промоушнмен осы жылдың ақпан айында келісімге қол қойды. Сондай-ақ UFC-де бақ сынауға келісімі бар қазақстандық спортшылар қатарында Шавкат Рахмонов пен Жалғас Жұмағұлов та бар.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: Twitter
Қосылған күні: 20 мамыр, 10:37