"Оның жағдайы өте ауыр" – Хабиб әкесі туралы айтты

"Оның жағдайы өте ауыр" – Хабиб әкесі туралы айтты
Фото: news.sportbox.ru

Аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедов ауыр халде жатқан әкесінің жағдайы туралы айтты.

Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовтың коронавирус жұқтырғанын хабарлағанбыз. Спортшының айтуынша, COVID-19 әкесінің жүрегіне әсер еткен. Абдулманап Нурмаганбетов 1 жыл бұрын жүрегіне ота жасатқан еді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

????

Публикация от Khabib Nurmagomedov (@khabib_nurmagomedov)18 Май 2020 в 11:53 PDT

"Дағыстандағы жағдай өте қиын. Ауруханаларда науқас толып тұр. Көптеген адам вирус жұқтырып, қайтыс болды.

Менің әкем қазір ауруханада. Оның жағдайы да ауыр. Вирус оның жүрегіне әсер еткен. Себебі 1 жыл бұрын жүрегіне ота жасатқан еді. Инфекция салдарынан тағы да ота жасалды.

Маған жазған, қолдап, Құдайдан әкемнің денсаулығын сұрайтындардың барлығына рахмет. Алла бәрімізге көмектессін. Алла баршамызды қорғасын. Баршаңызды қасиетті мерекеміз – келе жатқан айт мерекесімен тағы да құттықтаймын.

Хабибті әкесі қалай тәрбиелеген?

Дәрігердің айтқандарын орындаңыз. Ислам әлеміндегі беделді адамдардың дәл осындай жағдайларда үйде намаз оқу туралы нұсқауларына құлақ асыңыз. Мерекені өз үйіңізде өткізіңіз.

Бәріміз тарихта болмаған батылдық танытып шыдамды болайық, тәртіпке бағынайық", - деген әйгілі спортшы.

Дағыстан Республикасында коронавирус таралуы бойынша жағдай күрделі. Ресми түрде елде 3460 адам вирус жұқтырған. 1807 адам сауығып кеткен. Дағыстанда дәрігерлер арасында коронавирустен қайтыс болғандардың ресми саны – 29.

Ресей президенті Владимир Путин Дағыстанда коронавирус салдарынан қаза болғандар көп екенін атап өткен. Оған себеп ретінде Дағыстан науқастарының дәрігердің көмегіне кеш жүгінетінін және өз бетінше үйде емделетінін айтқан.

Т. Раушанұлы