Бекхэм мейрамхана бизнесіне ден қойды

Бекхэм мейрамхана бизнесіне ден қойды

Дэвид Бекхэм Лондонда мейрамхана бизнесімен айналыспақ. Ағылшын футболшысы бұл істі тележүргізуші әрі аспаз досы Гордон Рамзимен бірігіп бастамақшы.

Бұл туралы "Сан" басылымы: "Бұл Бекхэмның АҚШ-тан Ұлыбританияға оралайын деп жүргендігінің белгісі", - деді. Айта кетелік, спортшы жұбайымен АҚШ-та тұрғанына 6 жыл болды.

37 жастағы Дэвид бұл туралы Бас Кубок лигасының финалдық ойынының алдында айтып берді. "Бұл бизнес жауапкершілікті қажет етеді. Бұл жұмыс мені ерекше қуанышқа бөлейді. Ендігі уақытымның көп бөлігін Англияда өткіземін деп ойлаймын", - деді ол. Басылымның айтуынша, шабуылшы болашақта "Лос-Анджелес гэлэксиден" кетіп, "Монако" клубына ауысуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетелік, Дэвид бұған дейін жақын арада футболдан кетуді жоспарламайтындығын айтқан болатын. "Көптеген ұсыныстар келіп түсіп жатыр. Көпшілігі көңілімнен шығуда. Жақын арада футболдан кетпеймін. Әлі жақсы нәтиже көрсетуге шамам келеді", - деп сұхбат берген еді спортшы.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: spletnik.ru