FIFA жылдың үздік футболшыларын анықтамайды

FIFA жылдың үздік футболшыларын анықтамайды
Фото: goprosport.ru

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (FIFA) коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылдың үздік футболшыларын марапаттау кешін өткізбейді, - деп жазады Marca.

Салтанатты кеш қыркүйек айында Миланда өтуі тиіс болған. Басылым ақпараты бойынша жылдың үздік ойыншысы да анықталмайды. Өткен жылы осы марапатқа ие болған Лионель Месси үздік болып қала береді.

Басылым биыл "Алтын доп" иегерін анықтау жайын да қозғаған. France Football журналы бұл марапатқа қатысты нақты шешім қабылдамаған.

Worldometers дерегі бойынша қазір әлемде 4 354 545 адам коронавирус жұқтырған. 296 746 адам көз жұмған. 1 609 534 адам дертінен айыққан.

Н. Үсенова