Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қазақстандық Олимпиада жүлдегері спорттан шететілді
Қазақстандық Олимпиада жүлдегері спорттан шететілді

Қазақстандық зілтемірші Анна Нурмухамбетова допинг ережелерін бұзғаны үшін спорттан шеттетілді.

2012 жылғы Олимпиаданың жүлдегерінің қан сынамасынан Туринабол (Орал) анаболикалы стероиды табылған. Енді Анна Нурмухамбетова 2023 жылдың қыркүйек айына дейін жарыстарға қатыса алмайды. 

Өткен жылы Талдықорған қаласында өткен Спартакиада ойындарында Анна Нурмухамбетова 81 килоға дейін салмақ дәрежесінде бақ сынап, алтыншы орын алған еді.  

Допинг ережесі бұзғандар тізіміне жеңіл атлетикадан жасөспірімдер Олимпиадасы мен 2018 жылғы Азиада ойындарының қатысушысы Любовь Ушакова (Оксандролон), велоспорттан Азия-2019 екі дүркін және Гран-Придің жүлдегері Роман Василенков (Ибутаморен, Лигандрол), волейболдан Қазақстан құрамасының мүшесі Антон Кузнецов (Нандролон); хоккейші Владислав Никифоров (Мельдоний) енді. Аты аталған спортшылардың барлығы 4 жылға үлкен спорттан шеттетілді.

 
Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: ҚР ҰОК
Қосылған күні: 09 мамыр, 03:10