Бауыржан Исламхан мансабын Ресейде жалғастыруы мүмкін

Бауыржан Исламхан мансабын Ресейде жалғастыруы мүмкін
Фото: Чемпионат

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан мансабын Ресейде жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы қазақстандық инсайдер Айдын Қожахмет мәлімдеді.

Бауыржан Исламхан қазіргі командасы "Әл-Айнмен" жарты жылға келісімшартқа отырған болатын. Келісімшарттың мерзімі аяқталған соң қазақстандық футболшы Ресейдің "Рубин" командасына қосылуы мүмкін. Қос тарап келісіп үлгерген.

"Аяқ асты жағдай өзгермесе, Исламхан "Рубинге" ауысады. Кедергі болып тұрған, жалға беру мерзімінің қашан аяқталатыны белгісіз. Қағаз жүзінде маусым айының соңында аяқталуы керек болатын, алайда БАӘ чемпионаты коронавирустың кесірінен тоқтады. Әзірге нақты қашан қайта басталатыны туралы ресми ақпарат жоқ.

Қоса кетейін, Исламхамның "Рубинге" ауысуына ресейлік агенттер емес, Қазан мен Алматыдағы бірнеше адам себепкер болды", - деп жазды Айдан Қожахмет.

Айта кетейік, бұған дейін Бауыржан Исламханның өкілі Ресей мен Италияның А Сериясы командаларынан ұсыныс түскені туралы айтқан еді. 

 
А. Рысдәулет