Ибрагимович дауысын Мессиге бермейтін болып шықты

Ибрагимович дауысын Мессиге бермейтін болып шықты

Швеция құрамасының және француздық "ПСЖ" командасының шабуылшысы Златан Ибрагимовичтың ойынша, осы жолғы "Алтын доп" Лионель Мессиге бұйырмауға тиісті екен.

Айта кететін болсақ,  "ПСЖ" командасының шабуылшысы әлемнің ең үздік 23 футболшысының қатарына кіргенімен, финалдық үштікке іліне алмады. Бүгінгі таңда Ибрагимович ұлттық құраманың есебінен "Алтын доптың" иегеріне бір дауыс бере алады. Алайда, сол бір дауысты Мессиге бермейтін болып отырған көрінеді.

"Месси "Алтын допты" қанша мәрте алды? Екі рет? Үш рет? Егер әділ-қазылар алқасы әділ болса, шыншыл болса, онда Мессиден басқа екеуінің біріне берілуі тиіс", - дейді Ибрагимович.

Аргентиналық ойыншы УЕФА-ның президенті Мишель Платини орнатқан жетістікті 2008 жылы қайталаған болатын. Нақтысын айтсақ, үш рет қатарынан әлемнің ең үздік ойыншысы атанып еді. Қоса кетсек, "Алтын допты" Йохан Кройф, Марко ван Бастен секілді саңлақтар үш мәрте жеңіп алған-ды.

Қазіргі таңда үздік үштіктің қатарына Месси, Роналдо, Иньесте кіріп отыр. Айтулы жүлдені табыс ету кеші 7 қаңтар күні  Цюрих қаласында өтпек.

Шын мықтыны анықтауға ұлттық құрамалардың бапкерлері мен капитандары ат салысатын болады.

сурет:totbet.net

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига