Құрамы қымбат футбол клубы қайсы?

Немістің беделді Transfermarkt басылымы әлемдегі құрамының бағасы бойынша ең қымбат 100 клубты анықтады.

Көш басын Англияның "Манчестер Сити" командасы бастады. "Қалалықтардың" құрамы 1 миллиард 20 миллион еуроны құрайды екен. Екінші орынға тағы бір ағылшын командасы жайғасты. "Ливерпуль" футболшыларының жалпы құны 967 миллион еуроға бағаланған. Үздік үшдік мадридтік "Реал" түйіндеді. 

Үздік ондық:

1. "Манчестер Сити" - 1,02 миллиард евро;
2. "Ливерпуль" - 967;
3. "Реал" - 888,5;
4. "Барселона" - 852,7;
5. ПСЖ - 843,7;
6. "Бавария" - 756,6;
7. "Атлетико" - 709;
8. "Тоттенхэм" - 699;
9. "Челси" - 679,9;
10. "Манчестер Юнайтед" - 646,7.