Қазақстандық киберспорт командасы Еуропа чемпионы атанды

Қазақстандық ұжым Konina Power көктемгі PUBG Mobile World League Spring 2020 чемпионаттың негізгі кезеңіне өтті. 

PMCO Spring Split 2020 аймақтық жарыстың финалында Konina Power командасы ең көп ұпай жинап, Еуропа чемпионы атанды. Осы көрсеткіші үшін қазақстандық ұжым 15 мың доллар мөлшерінде сыйақы мен әлем лигасының батыс дивизионына жолдама алды.  Жарыста бақ сынаған тағы бір қазақстандық ұжым Nomad Gaming 14-ші орынға тұрақтады. 

PMCO турнирінің бірінші айналымы әуесқойларға арналған. Олар ұлттық және аймақтық чемпионатта бақ сынап, кәсібилер арасында Regional Pro League жарысына қатысады алады. Ал жылдың қорытынды жарысы – PUBG Mobile World Championship 2020. Жарыстың жүлде қоры 5 миллион долларды құрайды.

Konina Power ұжымын биыл қазақстандық киберспортшылар Асқар DGR Ахметов пен Нұрсұлтан GONZO Нартбаев құрған. Командаға Дамир AXZCER Омаров, Даваадорж Robdinni Мунхбат пен Даниил Tixz Сучков қосылды.