UFC 9 мамырда турнир өткізетінін хабарлады

UFC ұйымы 9 мамырда Флорида штатындағы Джексонвилл қаласында UFC 249 турнирі өтетінін ресми хабарлады.

Турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық титул үшін Тони Фергюсон мен Джастин Гетжи кездеспек. Сонымен бірге жеңіл салмақтағы Генри Сехудо титулын қорғау үшін Доминик Крузбен кездеседі.

Негізгі кардқа мынадай жекпе-жектер енген: Фрэнсис Нганну – Жаирзиньо Розенструйк, Дональд Серроне – Энтони Петтис, Джереми Стивенс – Келвин Каттар, Грег Харди – Йорган Де Кастро.

Андеркард кездесулері: Фабрисио Вердум – Алексей Олейник, Карла Эспарза – Мишель Уотерсон, Роналдо Соуза – Юрайя Холл, Висенте Луке – Нико Прайс, Брайс Митчелл – Чарльз Роса, Райан Спэнн – Сэм Алви.