Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / UFC 9 мамырда турнир өткізетінін хабарлады
UFC 9 мамырда турнир өткізетінін хабарлады

UFC ұйымы 9 мамырда Флорида штатындағы Джексонвилл қаласында UFC 249 турнирі өтетінін ресми хабарлады.

Турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық титул үшін Тони Фергюсон мен Джастин Гетжи кездеспек. Сонымен бірге жеңіл салмақтағы Генри Сехудо титулын қорғау үшін Доминик Крузбен кездеседі.

Негізгі кардқа мынадай жекпе-жектер енген: Фрэнсис Нганну – Жаирзиньо Розенструйк, Дональд Серроне – Энтони Петтис, Джереми Стивенс – Келвин Каттар, Грег Харди – Йорган Де Кастро.

Андеркард кездесулері: Фабрисио Вердум – Алексей Олейник, Карла Эспарза – Мишель Уотерсон, Роналдо Соуза – Юрайя Холл, Висенте Луке – Нико Прайс, Брайс Митчелл – Чарльз Роса, Райан Спэнн – Сэм Алви.

Дайындаған: Әлібек Оразбай

Қосылған күні: 25 сәуір, 15:17
Тегтер: UFC, UFC 249,
Ұқсас жазбалар:
Қазақстанда UFC турнирі өтеді
UFC 249 турнирі өтпейді Massaget.kz