Үйде онлайн жүгіру жарысында бақ сына!

Үйде онлайн жүгіру жарысында бақ сына!

Vesti.kz Қазақстан жеңіл атлетика федерациясымен бірігіп 1 мамыр – Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне орай үй жағдайында онлайн түрде жүгіруден жарыс өткізеді. Жарыс Нұр-Сұлтан уақытымен 11:00-де басталады.

Жүгіруді ұнататындар ыңғайына қарай төмендегі үш қашықтықтың біреуіне қатыса алады:

– 1 шақырым;

– 5 шақырым;

– 10 шақырым.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. Нәтижені бақылайтын Strava мобильді қосымшасына тіркелу;

2. nfo@kazathletics.kz email-мекенжайына 

• Аты-жөніңізді;
• Strava аккаунтының атауын;
• электрон поштаңыздың мекенжайын жіберу;

3. Жүгіретін бағытыңызды алдын ала дайындап алыңыз. Үй жағдайында, жатын бөлме - зал - ас бөлме арасында жүгіруге болады. Жүгіруге арналған жабдығыңызда да жүгіруге болады. Ең бастысы, қауіпсіздік ережесін сақтаңыз.

4. Телефоныңызда, сағатта не браслетте нәтижені бақылау үшін Strava қосымшасын (қосымша жайлы толық ақпаратд) қосу;

5. Мәреге жеткен соң Instagram-парақшаңызда нәтижеңізбен бөлісіп, қашықтығыңыздың #онлайн1км #онлайн5км #онлайн10км хэштегімен Жеңіл атлетика федерация @qazathletics  және Vesti.kz порталын @vestikzsport белгілеңіз. Тек 1 мамыр күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18:00-ге дейін жарияланған нәтижелер тіркеледі;

Қатысушылар жарысқа дайындалуы үшін кәсіпқой спортшылар, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері федерацияның Instagram-парақшасында видеожаттығуларды жариялап отырады. 

Жарыс күні Олимпиа чемпионы Ольга Рыпакова тікелей эфирде денені қыздыру жаттығуын жасайды. Жеңіл атлетика федерациясы қатысушыларға электронды сертификатты табыстап, үздік нәтиже көрсеткендерге арнайы сыйлық жібереді. 

Әлемдік рекордты жаңартамын деп өзіңізге артық күш салмаңыз. Қауіпсіздік ережесін есте сақтаңыз!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Манчестер Ситиге" Чемпиондар лигасына қатысуға рұқсат етілді
"Манчестер Ситиге" Чемпиондар лигасына қатысуға рұқсат етілді
Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне қанша сыйақы алды?
Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне қанша сыйақы алды?
Ана сүтінде баланы коронавирустан қорғайтын ем бар
Ана сүтінде баланы коронавирустан қорғайтын ем бар
Тоқаев коронавирус пандемиясынан қаза тапқандарды аза тұтты
Тоқаев коронавирус пандемиясынан қаза тапқандарды аза тұтты
АҚШ пен Жапония Айды бірге зерттеуге кірісті
АҚШ пен Жапония Айды бірге зерттеуге кірісті
Жер сілкінісін сезетін тіршілік иелері
Жер сілкінісін сезетін тіршілік иелері