Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Онжылдық қорытындысы: Головкин орта салмақтың үздігі атанды
Онжылдық қорытындысы: Головкин орта салмақтың үздігі атанды

The Sweet Science басылымы қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта IBF және IBO тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) соңғы онжылдықтағы өз салмағындағы үздік спортшы деп таныды.

GGG мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (53-1-2, 36 КО) қарсы екі жекпе-жекте де жеңіске жете алмаса да рейтингінің көшін бастаған. Қазақстандық боксшы 2010-2019 жылдар аралығында 25 жекпе-жек өткізіп, оның тек біреуінде тең түсіп, біреуінде жеңіліс тапқан.

"Альварес қарымта жекпе-жекте Головкинді ұтса да, бұл айқаста екі боксшыны да жеңімпаз деп тануға болатын еді. Дегенмен бұл маңызды емес. "Канело" Головкинді сұлатып түсірсе де, GGG рейтингіде оның алдын орап кетер еді. Бұған екі себеп бар. Біріншісі - "тәжірибе".  Головкин онжылдықты түгелдей орта салмақта жұдырықтасумен өткізді. Ол 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін қарсыластарын "қырып" тастады. 

Бәрі 2012 жылы басталды. Одан кейінгі бес жылда террор болды деп айтсақ артық болмас. Головкин орта салмақтың үздік бестігіндегі алты боксшыны қарсылас көрмеді. Ал ондықтағы тоғыз боксшыны жеңді. Бұл дұрыс емес. Оның еңбегін асыра сілтеп айту мүмкін емес. Сөзсіз, оған орта және ауыр салмақта тең келері жоқ.

Головкин өзінің салмағында бес жылдан астам уақыт көш бастап тұрды. Головкин – нөмірі бірінші", - деп жазды басылым.

The Sweet Science басылымының нұсқасы бойынша онжылдықтың үздік боксшылары:

1. Геннадий Головкин
2. Сауль Альварес
3. Серхио Мартинес
4. Дэниэл Джейкобс
5. Дэниэл Гил
6. Мигель Котто
7. Билли Джо Сондерс
8. Феликс Штурм
9. Питер Куиллин
10. Дмитрий Пирог

 
Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: vesti.kz
Қосылған күні: 21 сәуір, 11:35