Қазақстандық велошабандоз "Джиро д'Италия" виртуалды жарысында топ жарды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Қазақстандық велошабандоз "Джиро д'Италия" виртуалды жарысында топ жарды
Фото ©️ ҚазАқпарат

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионы Алексей Луценко "Джиро д'Италия" виртуалды веложарысының бірінші кезеңінде жеңіске жетті.

БӨЛІСУ

Виртуалды жарыста шабандоздар 32,1 шақырымды арнайы веложаттығу құралында басып өтті. Қазақстандық спортшы Алексей Луценко бірінші кезеңді 44 минут 41 секундта аяқтап, жеңімпаз атанды. Екінші орынға италиялық Элиа Вивиани тұрақтаса, үздік үштікті "Astana" командасының өкілі Давиде Мартинелли түйіндеді. 

"Джиро д'Италия" виртуалды веложарысы 7 кезеңге бөлінген. Жарыс 18 сәуір мен 10 мамыр аралығында өтеді.