Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Чемпиондар лигасы қашан жалғасын табады?
Чемпиондар лигасы қашан жалғасын табады?

Еуропаның басты футбол додасы Чемпиондар лигасының қашан жалғасатыны және шешуші матчтың қашан өтетіні белгіленді.

УЕФА коронавирус пандемиясына байланысты тоқтаған Чемпиондар лигасын тамыз айының 7-8 бастауды жоспарлап отыр. Ал Еуропа лигасы сәл ерте, 2-3 тамыз күндері жалғасады деп күтілуде. Жоспар бойынша финалды тамыз айының соңында өткізуге үлгеру үшін матчтарды үш күн сайын қойған. 

Чемпиондар лигасы коронавирусқа байланысты 1/8 финал кезеңінде тоқтаған болатын. Сондай-ақ, әлем бойынша барлық спорт іс-шаралары уақытша кейінге шегерілді.

 
Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: FOX Sports
Қосылған күні: 19 сәуір, 13:18