Чемпиондар лигасы қашан жалғасын табады?

Чемпиондар лигасы қашан жалғасын табады?
Фото: FOX Sports

Еуропаның басты футбол додасы Чемпиондар лигасының қашан жалғасатыны және шешуші матчтың қашан өтетіні белгіленді.

УЕФА коронавирус пандемиясына байланысты тоқтаған Чемпиондар лигасын тамыз айының 7-8 бастауды жоспарлап отыр. Ал Еуропа лигасы сәл ерте, 2-3 тамыз күндері жалғасады деп күтілуде. Жоспар бойынша финалды тамыз айының соңында өткізуге үлгеру үшін матчтарды үш күн сайын қойған. 

Чемпиондар лигасы коронавирусқа байланысты 1/8 финал кезеңінде тоқтаған болатын. Сондай-ақ, әлем бойынша барлық спорт іс-шаралары уақытша кейінге шегерілді.

 
А. Рысдәулет