Иван Дычко Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы атанды

Иван Дычко Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы атанды

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Иван Дычкоға Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері деген атақ берді. Бұл туралы бокстан Қазақстан біріншілігінің ресми жабылу салтанатында спорт және дене шынықтыру агенттігінің орынбасары Елсияр Қанағатов айтты.

Сонымен қатар салтанатты шара барысында Елсияр Қанағатов Иванға Қазақстан алдындағы ерен еңбегі үшін алғыс айтып, келер Олимпиада ойындарында топ жаруын тіледі. 

Айта кетейік, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Иван Дычко Қостанай қаласының тумасы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Осы уақытқа дейін Дычконы Владимир Шайрер мен Сапабек Мукышев баптап келеді. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Л. Лига