"Бавария" футбол клубы бүгін жаттығуын бастайды

Мюнхеннің "Бавария" футбол клубы 6 сәуірден, яғни бүгіннен бастап жаттығу жұмыстарын бастайды. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады.

Негізгі құрамның ойыншылары аздаған топтар бойынша жаттығуына кіріседі. Олар жиналу үшін жергілікті билік рұқсатын алған. Сондай-ақ команда өкілдері жанкүйерлердің жаттығу базасына келмеулерін де өтінген.

CSSE дерегі бойынша, қазіргі таңда әлемде 1 204 782 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Германияда ауырғандар саны 100 мыңнан асады. Әлем бойынша 4-ші орында.