Ұзын бойлы баскетболшы

Ұзын бойлы баскетболшы

Бұл кісінің есімі - Мануте Бол. Бойы 2 м 31 см болатын Мануте Бол 1962 жылы Судан елінде дүниеге келген. Жас баланың талантын Фэркли Дикинсон Университетінің жаттықтырушысы байқап, спортшыны АҚШ-қа шақырады.

Бол АҚШ-тың Кливленд штатында баскетбол ойнауды үйренгенімен, сол штаттың намысын ешқашан қорғамаған. Жас әрі талантты баскетболшыны 1985 жылы NBA қауымдастығына шақырған. Мануте Бол 1994 жылы баскетболдық кездесулердің бірінде жарақат алып, өз спорттық мансабын тәмәмдауға мәжбүр болды. Мануте Бол өз спорттық мансабында 600 астам кездесу өткізіп, допты қарсыласының себетіне 1599 рет кіргізіп, өз командасына 2000-нан астам ұпай әкелген.

Мануте Бол өз спорттық мансабында "Вашингтон Буллитс", "Голден Стейт Уорриорс", "Филадельфия 76" мен "Майами Хит" сынды  ірі  баскетболдық клубтардың намысын қорғаған. NBA тарихындағы бойы ең ұзын баскетболшы 2010 жылы 19 маусым күні өмірден озған. Бойы 231 см 47 жасар Мануте Бол Вирджиния штатына тиесілі Шарлоттсвилль қаласындағы ауруханалардың бірінде көз жұмды. Дәрігерлердің болжамдарына сүйенсек, Бол бүйрек пен тері ауруларымен қатты ауырған.

Суреттер http://trinixy.ru сайтынан

Форумда талқылайық