Ли Кын Хо Азияның үздік футболшысы

Ли Кын Хо Азияның үздік футболшысы

Оңтүстік Корея құрамасының шабуылшысы Ли Кын Хо 2012 жылғы Азия құрлығының үздік аяқдопшысы атанды.

Ертеректе, «Ульсан» командасының ойыншысы Азия Чемпиондар Лигасының ең пайдалы ойыншысы атанған болатын. Ол 12 кездесуде қарсылас қақпасына 4 гол соқып, командасымен Азия құрлығындағы ең бәсі биік доданы жеңіп алған еді. Сонымен қатар оңтүстік кореялық шабуылшы ел біріншілігінің 21 кездесуінде 8 нәтижелі соққымен көзге түскен. Ал ұлттық құрама сапында Хо үстіміздегі жылы бес гол соққан.

Азияның үздік ойыншыларының үштігінде ирандық жартылай қорғаушы Али Карими мен «Гуанчжоу Эвергранде» командасының ойыншысы Чжэн Чжи бар.

«Манчестер Юнайтед» командасының жартылай қорғаушысы Синдзи Кагава «Өзге құрлықта өнер көрсететін Азияның үздік ойыншысы» атағын жеңсе, «Әл-Кувейт» клубының шабуылшысы Рожеринью «Азия құрлығының үздік легионері» атанды.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru

Л. Лига