ФИФА «жыл құрамына» үміткер 15 шабуылшының тізімін жариялады

ФИФА «жыл құрамына» үміткер 15 шабуылшының тізімін жариялады

ФИФА 2012 жылдың «жыл құрамына» енуге үміткер он бес шабуылшының есімдерін тізіп шықты.

Тізімге енген шабуылшылардың толық тізімі мынадай: Серхио Агуэро (Аргентина, «Манчестер Сити»), Марио Балотелли (Италия, «Манчестер Сити»), Карим Бензема (Франция, «Реал»), Марио Гомес (Германия, «Бавария»), Дидье Дрогба (Кот-д’Ивуар, «Шанхай Шенхуа»), Златан Ибрагимович (Швеция, «ПСЖ»), Эдинсон Кавани (Уругвай, «Наполи»), Лионель Месси (Аргентина, «Барселона»), Неймар (Бразилия, «Сантос»), Робин ван Перси (Нидерланды, «Манчестер Юнайтед»), Криштиану Роналду (Португалия, «Реал»), Уэйн Руни (Англия, «Манчестер Юнайтед»), Луис Суарес (Уругвай, «Ливерпуль»), Радамель Фалькао (Колумбия, «Атлетико»), Самуэль Это’О (Камерун, «Анжи»).

Жалпы жыл құрамына үш қана шабуылшы кіреді. Мамандардың айтуынша, үш орынның екеуі «Алтын допқа» басты үміткерлер Месси мен Роналдуға тиесілі. Ал үшінші болып бұл тізімге кім енетінін 7 қаңтар күні Цюрих қаласында «Жыл құрамы» толығымен айтылғанда анықталатын болады.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru

Л. Лига