Айбек Нұғымаров - үш дүркін "Әлем барысы"

Айбек Нұғымаров - үш дүркін "Әлем барысы"
Фото: prosports.kz

Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы Алматыда өткен "Әлем барысы" жарысының жеңімпазы ресейлік балуан Роман Бобиковтың нәтижесін жоққа шығарды. Бұл туралы Қазақ күресі федерациясы ресми хабарлады.

Алматы қаласындағы "Балуан Шолақ" спорт сарайында өткен турнирде әлемнің 30 елінің аса ауыр салмақтағы балуандары белдескен еді. Ресейден келген балуанмен финалда отандасымыз Айбек Нұғымаровпен белдесіп, екі дүркін "Әлем барысы" атағына ие қазақ балуанын ұтып кетті. Жеңімпаз атанған ресейлік балуан 10 миллион теңге еншіледі.

Алайда ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Допингке қарсы ұлттық орталығы" РМҚК-ның 05.02.2020 күнгі хатында Бобиков Романның сынамасынан тиым салынған "метилгексимин" препоратын қолданғаны хабарланды. 

Сынама қортындысы нәтижесінде Ресей Федерациясының допингке қарсы агенттігі (РУСАДА) ұйымына хат жолданып, нәтижесінде аталған спортшы 2 жылға спорттан шеттетілді.

Допинг ережесін бұзғаны үшін Ресейдің допингке қарсы агенттігі Роман Бобиковты 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап екі жылға спорттан шеттетті.

WADA кодексін бұзғаны үшін, Роман Бобиков "Әлем барысы" атағынан айырылып, алтын белбеуді қайтарады. Оған қоса 10 миллион теңге сыйақысын алмайды. Осылайша финалға дейін жетіп, күмісті еншілеген Айбек Нұғымаров үш дүркін "Әлем барысы" атанды.

І орын - Айбек Нұғымаров (Қазақстан)
ІІ орын - Мақсат Исағабылов (Қазақстан)
ІІІ орын - Мухсин Хисамуддинов (Өзбекстан)

Еліміздегі жағдай тұрақталғасын жеңімпаздар мен жүлдегерлерді қайта марапаттау шарасы өтеді.

Бұдан бөлек Ресей балуаны желтоқсан айында Ақтөбеде өткен әлем чемпионатында Руслан Абдразақовтан жеңіліп, күміс жүлдені қанжығалаған еді. Енді Роман Бобиков бұл әлемнің вице-чемпионы атағынан да айырылады.

А. Рысдәулет