Қазақстандық спортшылар әлем үздігіне үміткер

Қазақстандық спортшылар әлем үздігіне үміткер
Фото: kff.kz

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Кака, ойыншылары Игита мен Тайнан 2019 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің ең үздіктеріне берілетін Futsalplanet Awards жүлдесінің үміткерлері атанып отыр.

Бас бапкер Кака осы номинация бойынша 2018 жылы екінші орын алған. Ал қақпашы Игита бұған дейін үш рет әлемнің ең үздік қақпашысы атанған. (2015, 2016 және 2018 жылдары). Тайнан болса алғаш рет аталмыш жүлдеге қатысып отыр.

Futsalplanet Awards марапатының қорытындысы 2020 жылдың 26 ​​наурызында белгілі болады.

А. Рысдәулет