Василий Левит ұлттық құрама қоржынына екінші алтынды салды

Василий Левит ұлттық құрама қоржынына екінші алтынды салды
Фото: Данияр Майлыбаев©

Қазақ боксшылары Иордания елінің астанасы Амманда өтіп жатқан Токио Олимпиадасының лицензиялық жарысын аяқтады. Соңғы болып шаршы алаңға көтерілген Василий Левит қазақ жанкүйерлерін жерге қаратпады. Финалда Жаңа Зеландиядан келген Давид Никті жеңді.

Бірінші раундта Василийден қарсыласы басым болып шыққан. Кейінгі раундтарда отандасымыз мықтылығын мойындатты. Осылайша ұлттық құрама қоржынына екінші алтын медальды салып, жарысты аяқтады.

Алғашқы алтын медальды 81 килоға дейінгі салмақта Бекзат Нұрдәулетов жеңіп алды. Ал Закир Сафиуллин мен Әбілхан Аманқұл күміс алды.

Басты жетістік – Амманға барған қазақ боксшыларының барлығы (ерлер) Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.

Н. Үсенова