"Барыс" ҚХЛ-дің екінші кезеңіне шықты

"Барыс" ҚХЛ-дің екінші кезеңіне шықты
Фото: Барыс ХК

"Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) екінші кезеңіне жолдама алды. Бірінші кезеңде елордалық команда Магнитогорскінің "Металлург" командасын жарыс жолынан шығарды.

Келесі кезеңге шыққан команда 5 ойын нәтижесі бойынша анықталды. "Барыс" жаңа ғана Нұр-Сұлтанда аяқталған маңызды ойында Ресейден келген қарсыластарын 5:2 есебімен ұтты. Павел Акользин мен Антон Сагадеев екі шайбадан соқса, бір шайбаны Даррен Диц өз еншісіне жазды.

Жалпы ойындар саны бойынша "Барыс" "Металлургтен" 4:1 нәтижесімен басым болды.

Н. Үсенова