Токио Олимпиадасы: 11 жастағы спортшы

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
Токио Олимпиадасы: 11 жастағы спортшы
Фото ©️ vk.com

11 жастағы сириялық спортшы Заза Токиода өтетін Олимпиада ойындарының ең жас қатысушысы атанбақ.

БӨЛІСУ

Хенд Заза үстел теннисінен Иорданияда ұйымдастырылған іріктеу кезеңінен үздік шығып, Олимпиадаға жолдама ұтып алды. Финалда ол өзінен 31 жас үлкен ливандық Мариан Саакянды 4:3 есебімен жеңді. Оның жасы 42-де.

Осыған дейін аталған Олимпиада ойындарына қатысқан ең жас спортшы британиялық скейтборшы Скай Браун болып келген. Ол шараға екі апта қалғанда 12 жасқа толады. Хенд Заза одан бірнеше айға кіші.

Ал ең жас Олимпиада жүлдегері грек гимнасты Димитрос Лундрас болған. Ол 1896 жылы Афина қаласында өткен ойындарда қола медальды қанжығасына байлаған. Ол кезде спортшы 10 жаста еді.