Қазақстандық үш боксшы Олимпиадаға жолдама алды

Амманда (Иордания) өтіп жатқан бокстан Токио олимпиадасына іріктеу жарысында 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит (91 келі) және былтырғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов (69 келі) олимпиада лицензиясына ие болды.

Үш боксшы да іріктеу жарысының жартылай финалына шықты. Іріктеу ережесіне сай, төрттікке енген боксшылар Олимпиада жолдамасын алады.

Нұрдәулетов ширек финалда тәжікстандық Шаббоз Негматуллаевты, Левит тәжікстандық Давлат Болтаевты, Жүсіпов таиландық Вуттучай Масукті жеңді. Іріктеу жарысында Қазақстанның тағы жеті боксшысы олимпиада жолдамасына таласады.

Токио олимпиадасы биыл 24 шілде 9 тамыз аралығына жоспарланған.