Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының финалдық кезеңіне шықты

Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының финалдық кезеңіне шықты

Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының финалдық кезеңіне шықты

Нұр-Сұлтанда Девис Кубогының финалдық кезеңіне (23-29 қараша, Мадрид, La Caja Magica) шығу мүмкіндігі бойынша қазақстандық және нидерландтық теннисшілердің арасындағы төрт матчтан тұратын тартыс аяқталды. Қазақстан құрамасы Нидерланд командасын 3:1 есебімен тізе бүктіріп, Мадридке жолдаманы ұтып алды.

Екінші күннің бірінші матчында Андрей Голубев пен Александр Недовесов жетістікке жетті. Жұптық кездесуде олар Робин Хаасе мен Жан-Жюльен Ройерді – 6:3, 6:3 есебімен жеңді. "Хардтағы" кездесу 1 сағат 10 минутқа созылды.

"Командаға ұпай әкелгенімізге қуаныштымыз. Нәтижеге көңіліміз толып отыр. 6:3 6:3 есебін көріп, тартысты айқас болмады деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда бұл - жұптық санатты қалпына келтіргеннен кейінгі алғашқы матчымыз болып отыр. Қатты қобалжыдық. Ақыры ойынымызды түзеп, жақсара түскен секілдіміз. Ары қарай да өркендей бермекпіз", - деді Александр Недовесов матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Екінші матчта Александр Бублик Робин Хааседен 7:6 (7:4), 6:1 (1 сағат 18 минут) есебімен басым түсті. Әлемнің 51-шы ракеткасының табысы нидерландықтармен бәсекеде жеңіс туын желбіретуге жол ашты.

"Бұл – ортақ жеңіс, сол себепті Мадридке жолдаманы мен алып бердім деп айтудың реті жоқ. Біздің жұптық санатта шыққан спортшыларымыз ұпай әкелді. Миша Хаасені бірінші күні-ақ шаршатып тастаған секілді. Алғашқы күні тіркелген 1:1 есебі бүгін 3:1 есебімен жеңіске ұласты. Бұл – жақсы нәтиже", - деді Александр Бублик матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Құрама капитаны Юрий Щукин өз сөзінде командаға алғысын білдіріп, жаңа рөлдегі дебюті сәтті болғанын айтып жатыр.

"Өз мінберімізде жеңісті жұлып алып, әлемнің басты теннис турниріне жолдама алу, осыдан барып үздік дебютпен шығу – арманымыз еді. Өз үйімізде ешкімге есе бермейтінімізді тағы бір мәрте дәлелдей түстік. Өз еліміздің аренасында жетінші матчты жеңіспен аяқтап отырмыз", - деді Юрий Щукин.

Еске сала кетсек Қазақстан мен Нидерланд құрамалары арасындағы алғашқы ойын күні 1:1 есебімен аяқталған еді.

Алғашқы ойын күні, яғни 6 наурызда Дэвис Кубогының іріктеу раундының алғашқы матчында Михаил Кукушкин үш сетте Нидерландының бірінші ракеткасы Робин Хаасеге (4:6, 7:6, 3:6) есе жіберді.

Алғашқы күннің екінші матчында Таллон Грикспурмен кездесуде екі сетте де Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жеңіске жетті. "Хардтағы" текетірес 1 сағат 56 минутқа созылып, 7:6, 7:6 есебімен аяқталды.

12 наурызда Мадридте Әлемдік лиганың жеребесі өтеді. Ол жеребеде Қазақстан құрамасы топ бойынша өз қарсыласын білетін болады.

 
0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Қосылған күні: 07 наурыз, 18:36

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->